Тараз қаласы "Әл- Әділ" мешітінің ұстазы Ж.Бекназарова шәкірттерімен бірге, қасиетті үш айлардың құрметіне арнайы оқылған Құран Хатымның дұғасын оқыды.
Ұстаз Құранды хатым жасаудың артықшылықтарын айтып, қасиетті айларда оқылған Құранның сауабының мол болатынына тоқталды. Мақсаты, ұйымшылдыққа үйрету, Құран Кәрімді оқып, үйренуге ынталандыру. Құран Кәрімді хатым жасап, дұға еткен жамағат ризашылықпен тарқасты.