Жамбыл ауданы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Ж.Бекназарова ауданға қарасты Тоғызтарау, Қарасу, т.б. ауылдарды аралап, "Діни әдебиеттерді пайдалану" бойынша нұсқаулық көрсетіп, жеке қабылдау өткізіп, ауыл қыз- келіншектерінің діни-шариғи сауалдары мен мәселелеріне жауаптар мен кеңестер берді.
Шара дәстүрлі ата-баба дініміз - Исламның ізгілік діні екендігін түсіндіріп, ауылдық тұрғындардың діни сауаттылық деңгейін арттыруға үлес қосу мақсатында жасалды. Нәтижесінде, ауылдықтар ұстазға алғысын айтып, осындай шаралардың жиі болғанын құптайтынын білдірді.



13 Ноябрь 2025
22 Джумада-авваль 1447

