Тараз қаласы «Бегалы ата» мешітінде айлық дастархан шарасы өтті. Жиналған ұжымға қаланың Бас имамы Ержан Аманбаев уағыз-насихатын айтып алғысын білдірді. Өз насихатын лудомания сынды қоғам дерттерінің алдын алу, олармен біріге күресу керектігін айтып аяқтаған болатын.
Адам баласының бойына ең қажетті мейірімділік пен сүйіспеншілік сияқты тағы да басқа құндылықтарды топтастыратын маңызды қасиеттің бірі – бауырмалдық. Осы мақсатта мешіт жамағатының басын қосып дастархан жайылды.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі