Намаз – мұсылманға парыз етілген бес негізгі тіректің бірі. Тараз қаласының мешіттерінде жамағатқа арналған намаз оқып үйрену курстары жұмыс жасауда.
Қаланың білікті имамдарынан кез келген жамағат үйреніп, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап ала алады. Курсқа күніне ондаған адам қатысып білім алуда.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі