«Бірлігі жарасқан жамағат» бастамасымен Тараз қаласы «Салы молда» мешітінің жамағатына арнап дастархан жайылды. Келушілерге Амангелді Ембергенов уағыз-насихатын айтып, сұрақтарына жауап берді.
Өз сөзінде – дінімізде мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбауы керек екендігін алға тартты. Осы мақсатта мешіт жамағатының басын қосып дастархан жайылды.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі