Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев ауыл имам-молдаларының білімін пысықтау үшін Құран, дұға, жаназа дұғаларын тексерді. Алғашқы кездесуге 4 имам шақырылып, білім деңгейлері, маңызды діни рәсімдерде оқылатын дұғалар, олардың дұрыс айтылуы, Құран тәжуиді қаралды.
Алдағы уақытта Шу өңіріне қарасты барлық имам-молдалар осы мақсатта жеке-жеке бас имамның қадағалауымен сыннан өтпек.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



15 Май 2026
28 Зуль-каада 1447

