АЛМАТЫДА ZEKET HUB ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АЛМАТЫДА ZEKET HUB ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігінде Zeket Hub қайырымдылық орталығы ашылды. 

Ашылу салтанатына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы қатысты. 

Өкілдіктің Жетісу ауданы «Әл-Мадина» мешітінде ашылған Zeket Hub орталығында көмекке мұқтаж отбасыларына қайырымдылық шарасы өткізілді. «Алдағы уақытта бұл қайырымдылық орталығында қыз-келіншектерге арналған тігін, смм және қазақ тілін үйрету курстары да жұмыс атқаратын болады», - деп атап өтті ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов. 

Сондай-ақ Zeket Hub орталығының ашылуына орай «Тайқазан» қайырымдылық шарасы өткізіліп, көпбалалы және мұқтаж отбасыларына азық-түліктер мен балаларға қысқы жылы күртешелер үлестірілді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: