Шымкент: 8 қыз қари атанды

Шымкент: 8 қыз қари атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының «Тура жол» мешітінде Құранды толық жаттаған 8 қариға құрмет көрсету шарасы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Еңбекші аудандық мешітінің имамы Ербосын Орын, аудандық Әйел-қыздар секторының ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осы орайда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қасиетті Құранды толық жаттаған шәкірт қыздарымыз София Ахметжанова, Мадина Анарметова, Айша Исламова, Тахмина Ахмеджанова,Муслима Асланбекова,Зилола Тұрашбекова, Салиха Хасанова, Мадина Тошниязова қариларымызға арнайы алғыс білдіріп, демеушілер есебінен барлығына ұмра қажылық сертификатын табыстады.

Игі шара аясында «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешов барлық қатысушыларға алғыс айтып, діни сауат ашу курстарына демеушілік еткен азаматтарға ризалық білдірді. 

<

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: