Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкеріне кіші қажылық жолдамасы сыйға тартылды.
Аталған игі іске мұрындық болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы осындай игі шараға қолдау көрсеткен мешітіміздің жанашыр кәсіпкер азаматтарына ерекше ризалығын білдіріп, алғысын айтты. Тазалықшы Жұмагүл Бөлекбайқызы жергілікті жүз жылдан аса тарихы бар көне мешітте 2004-2014 жылдар аралығында қызмет етсе, кейін құлшылық ордасының жаңа ғимаратында адал әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етіп, осы қызметпен зейнеткерлікке шықса да, осы уақытқа дейін өз қызметін жалғастырып келе жатыр. 20 жыл уақыт Алланың үйі мешіттің қызметіне тазалық жасау арқылы өз үлесін қосып, адал ниет әрі қазақы болмысы мен қарапайымдылығы сақталған Жұмагүл апайымызға сәтті сапар тілейміз.
Айта кетейік, мешіт ұжымына арнайы жайылған дастархан басында ұмра сертификаты табыс етіліп, мешіт ұжымына өз алғысын білдірді.