«Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Бекзат Мұхамбетов «Қордай аудандық қарттар үйіндегі» қарттарға азық-түлік тарту етті. Жасы келген қариялармен ақ жаулықты әжелеріміздің хәл-жағдайларын сұрап, көңіл-күйлерін көтеріп қайтты.
Ардақты қарттарымыз мешіт азаншысына өз алғыстарын білдіріп, дұға-тілектерін арнады. Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік болады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі