Талас ауданы, Бостандық ауылы "Төртбай ата" мешітінің ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған "Намаз - діннің тірегі" тақырыбында уағыз-насихат болып өтті.
Насихатты ауылымыздың тумасы, қазіргі кезде ҚМДБ-ның Түркістан облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Еңлік Мұратқызы жүргізді. Туып өскен ауылына сапарлар келіп қалған дін маманынан рухани сұхбатқа келген қыз-келіншектер жамағаты көкейлерінде жүрген сұрақтарын алып, намазға қатысты ілімдерін жетілдіріп, рухани әсерлерімен бөлісіп қайтты. Шара соңынан кейін берекелі дастархан жайылып, көпшілік жақсы көңіл күймен тарқасты.



17 Март 2026
28 Рамадан 1447

