ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының Жамбыл облысына іссапары барысында өңірдегі ірі кәсіпорындар тексерілді.
Атап айтқанда, «Алель Агро» құсфабрикасы мен комбикорм зауыты, «Әулие-ата феникс» құсфабрикасы, «Ақ ниет» шаруа қожалығы, «Сәуле» кондитерлік фабрикасы, «Рахимжанова», «Сарыбас», «Қыдырбаев» шұжық цехтары тексерілді. Аудит шараларына жергілікті өкіл Абылайхан Кәріпбаев та қатысты.
«Жамбылдағы ірі кәсіпорындар – еліміз бойынша рекордтық көлемде өнім өндіретін өндіріс орындары. Аталған кәсіпорындар ел ішін ғана емес, шет елдің нарығын да халал өніммен қамтамассыз етіп отыр. Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтай отырып өнім өндіруі, өңдеуі, сақтауы, тасымалдауы, сатуы толықтай қадағаланды. Өндіріс барысында санитарлық тазалықтың орындалуы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде кішігірім семинар өткізіліп, халал өнім технологиясының ерекшеліктері мен маңызы, адалдық таңбасы – «QMDB Halal» белгісіне адал қызмет ету насихатталды»,– дейді Айбек Асқарбекұлы.
Айта кетейік, оңтүстіктегі іссапар барысында, Алматы облысы мен қаласы, Шымкент шаһары, Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүрігізілуде.