САРАПТАМА МАМАНДАРЫ ОНЛАЙН ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ

САРАПТАМА МАМАНДАРЫ ОНЛАЙН ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Сараптама бөлімінің өңірлердегі жауапты мамандарына арналған онлайн дәріс өтті.

Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетіне қарасты Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайрбеков, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков қатысты.  

Министрлік өкілі «Кітаптарды сараптамадан өткізудің тиімді әдістері» туралы дәріс оқып, діни әдебиеттерді сараптаудағы негізгі қажеттіліктерді тізіп өтті. Оның сөзінше, автор мен сарапшылар тобының жұмысын жеңілдету үшін арнайы электрондық жүйе ойластырылған. Нәтижесінде, діни сараптауды қажет ететін әрбір кітаптың қорытындысы ендігі кезекте жиырма екі жұмыс күнінен аспайтын көрінеді.

Жиын барысында ҚМДБ Аппарат басшысы да облыс өкілдеріне діни әдебиеттерді қолдануда мұқият болуды ескертті. «Мүфтиятқа қарасты мешіттерде, діни дүкендерде, оқу орындарында, қала берді намазханаларда қойылатын кітаптарда Министрлікке қарасты Дін істері комитеті мен ҚМДБ-ның оң қорытындысы болуы тиіс», - деді Ғылымбек Жәдігерұлы.

Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы өз кезегінде Нұрғали Бердіқұлұлына сараптама мәселелері төңірегінде бірқатар сауалдар қойып, сұрақ-жауап форматында тұшымды әңгіме өрбітуге атсалысты.

Бас аяғы екі сағатқа созылған жиналыста Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы өзі басқарып отырған бөлім қызметінің аясында мүфтияттың атқарып жүрген кемел шаруаларына тоқтала отырып, облыс өкілдеріне діни сараптаудың алғышарттарын қорыта түсіндіріп өтті.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: