Түркістанда DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

Түркістанда DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында DINTELLECT зияткерлік білім сайысы өтті.

«Қожа Ахмет Ясауи» орталық мешітінде өткен сайысқа өңірдің әр түкпірінен келген жас шәкірттер мен мешіт жамағаты қатысты. Зияткерлік сайысын ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай жүргізді.

Түркістан қаласы, Төлеби, Ордабасы, Жетісай, Сарыағаш, Кентау, Қазғұрт, Сауран, Сайрам, Шардара, Келес аудандарының мешіт жастары жамағатынан құралған 11 топ бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Сайыстың мақсаты – мешітке келіп ұстаз алдынан тәлім алып жүрген жас жамағатқа төл тарихымызды зерделеу, ислам құндылықтарын бойына сіңіру жолымен ұлттық сананы жаңғырту негізінде білмдерін шыңдау.

Додалы сайыстағы сұрақтар легі ислам пәндерінен фиқһ, ислам тарихы,иман негіздерімен қатар қазақы салт-дәстүрлер, туған өлкені зерттеп-тану бағытында қатысушылардың зейінділігі мен зияткерлік әлеуетін саралауға арналды.

Интеллектуалды білім сайысына қатысқан барлық командаларға алғыс хаттар мен орын алған командаларға ақшалай сыйақы берілді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: