«Ерекше кәсіп» курсына қатысушылар сертификат алды

«Ерекше кәсіп» курсына қатысушылар сертификат алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірер ай бұрын елордадағы «ZEKET HUB» қайырымдылық орталығында есту және сөйлеу қабілеті нашар жандарға арналған «Ерекше кәсіп» кілт жасау курсы басталған болатын. Жуырда курстың алғашқы қатысушылары кілт жасаудың қыр-сырын толық үйреніп, сертификат алды.

«Есту және сөйлеу қабілеті төмен жандарды қоғамдық ортаға тарту мақсатында ашылған «Ерекше кәсіп» курсын жүйелі түрде жүргізіп отыруды қолға алған едік. Аллаға шүкір мінеки, курстың алғашқы легіне толық оқып шыққанын растайтын сертификаттар табыстап отырмыз» деп атап өтті ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: