#Жуалы: Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірбаянынан дәрстер жалғасуда

#Жуалы: Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірбаянынан дәрстер жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз, бәріміз де Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі болғанымыз үшін ерекше шүкіршілік етсек керек?! Біздің пайғамбарымыз Аллаһтың соңғы елшісі - ең сүйікті құлы, бүкіл әлемге түсірілген Құран кітаптың иесі, олай болса, Мұхаммед те (с.а.у.) - күллі ғаламның пайғамбары екендігі даусыз. Аллаһтың құдіретімен айрықша жаратылған жанның туғаннан өмірден өткенге дейінгі өмірбаянын әрбір мұсылман көкірегіне түйіп, көзінің қарашығындай сақтап білсе, нұр үстіне нұр болары хақ. Өйткені мүбарак пайғамбарымыз адам баласына аса қажетті екі дүниенің пайдасы мен зиянын жібекке тізген меруерттей етіп мөлдіретіп толғап айтқан. Мұхаммедтің (с.а.у.) (хадис) - киелі сөздерінің әр лебінен шипа, пенденің ауыр жолына тура бағыт-бағдар сайрап тұр.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық  «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде мешіт ұстазы Смаганбетова Клара Диханбайқызы  Мәуліт айына орай қыздар жамағаты шәкірттерінен  Пайғамбарымыз (с.а.у.)  өмірбаяны атты кітабімен сабақ өткізуде. Осы кітап бойынша шәкірттердің білімін тексеріп, емтихан алды.

Мешіт ұстазы Смаганбетова Клара Диханбайқызы қыздар жамағаты шәкірттеріне діни сауат ашу курсы бойынша Құран, Тәжуид, Мұғалим сани, Намаз үйрету және қосымша сабақтарын жүргізуде.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: