Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде мешіт ұстазы Смаганбетова Клара Диханбайқызының жетекшілігімен Жамбыл облысы әйел қыздар секторының ұйымдастырылуымен «Шапағат шамшырағы – Мұхаммед (с.а.с)» атты іс шара өткізіп Құран хатым оқылып дұға жасалды.
Осыған орай, арнайы Құран Хатым дұғасын жасаған Жамбыл облысы әйел қыздар секторының мүшелері елімізге амандық, жерімізге тыныштық, ел халқына береке-бірлік тіледі. Іс шара соңында мешіт қыздар жамағаты үлкен ақ дастархан жайып, қасиетті Құран кәрім аяттарын оқып, ақ жаулықты әжелер бата беріп, шараға қонаққа келген ұстаздар уағыз-насихат айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі