#Шу: Әйелдер жамағаты 1 миллион рет салауат айтты

#Шу: Әйелдер жамағаты 1 миллион рет салауат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен Рабиғул- әууал айында жамағат салауат айтып жарысты.   

Жарыс нәтижесіне сай ең көп салауат айтқан адамдарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Алла елшісіне деген сағынышпен әйелдер жамағаты жалпы 1 миллион рет салауат айтқан. 

Салауат айтқардың ішінде бас жүлде беріліп, Клара Апа 151 500 рет айтқан салауаты үшін үздік деп танылды. Ал бірінші орын - 68 000 рет салауат айтқан Майра апаға, екінші орын - 61 000 рет салауат айтқан Тахминаға, үшінші орын - 59 000 салауатпен Динараға бұйырды. Әйелдер жамағаты арасындағы салауат сайысы 1 айға жалғасқан болатын. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: