"Насихат мұсылмандарға пайда береді" дейді шариғатымызда. "Ж.Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков Руслан есімді шәкіртінің ауыл іргесіндегі үлкен трассаның ескі асфальтын жөндеуге 1 500 000 теңге қаражат аударып, туған жеріне игі іс жасағаны үшін қуанып та, марқайып та қалғанын жеткізді. Ол бала кезден имамның шәкірті болып, ұстазының тәрбиесін алып келген. Бүгінде азамат мешіт жамағаты әрі кәсіпкер ер.
Дін тәрбиесін бала кезден бойына сіңірген Руслан ауыл ішіндегі асфальт түспеген көшеге және егістікке апарар біраз жолға асфальт төсеп берді. "Жақсылардан сөз қалмап па еді, "маған өкімет не береді емес, мен өкіметіме, еліме не бере аламын демеген ел ұшпаққа жете алмас" дегендей бауырымыздың бұл ісі Отанымыздың экономикасына қосқан үлесі және үлгі. Осы игі бастама жалғасын тауып Есболат есімді бауырымыз өзі тұратын көшесін ұйымдастырып, мектеп балаларына мектепке баратын асфальттан тротуар жасап берді. Бала періштелер дән риза" - деп атап өтті Бердібек имам өз сөзінде.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі