#Шу ауданындағы арақ сатылмайтын ауыл

#Шу ауданындағы арақ сатылмайтын ауыл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір жұтым су. Осы бір жұтым су сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін бе? Әрине, егер ол күнделікті тұтынып жүрген тіршілік көзі болса, ғұмырыңызға әлдеқандай өзгеріс әкелмейді. Ал сол бір жұтым су арақ болса ше? Онда өміріңіз басқа бағытқа ауысуы бек мүмкін. Өкініштісі, жақсы жағынан емес. Өйткені, арақты ұрттағанда-ақ айрандай ұйыған отбасы ойрандалады, денсаулыққа дерт жабысады, ұрпақ азғындалады. Содан болса керек қазақ даналығы «Арақпен ­достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де» деп тәмсілдеген.

Осыны бек ұстанған Шу ауданы Жиембет ауылы мүлдем арақ сатпайтын ауылдардың қатарында. Осы мәртебені ұстап тұру үшін "Жиембет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков дүкендерді аралап, арақтың харам екендігін насихаттап, халықтың есіне салуда. Тұрақты насихаттың арқасында дүкен иелері ішімдік сатудан бас тартып келеді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: