#Байзақ: «БЕЙШЕН» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

#Байзақ: «БЕЙШЕН» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының бастамасымен күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мәуліт мейрамына орай Қызыл жұлдыз ауылдық «Бейшен» мешітінде  дастархан жайылды. Дастарханды мешіт имамы Оразов Акбар мен жамағаты ұйымдастырды. Шам намазына жиналған  жамағат жүзінен әлемдерге рахым етіліп қана жіберілген хақ Елшіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сағынышты табын жазбай танисыз.

Қасиетті Құран аяттарының нұрымен бастау алған игі шара, қалың жұртшылықтың Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуымен жалғасын тапты. Мәліт жырын Тараз қаласындағы «Усманжан баба» мешітінің имамы Баймаханов Ораз Орта Азияға кең тараған, Барзанжи жазған Мәуліт жырын арапша оқып, «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Сағымбаев қазақшасын жырлады.

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтілуде. Бұл мереке адамзаттың асыл тәжі болған Хақ Елшісіне (с.а.у) деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны хақ.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: