#Байзақ: БАС ИМАМ «БЕЙШЕН» МЕШІТІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: БАС ИМАМ «БЕЙШЕН» МЕШІТІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты «Қызыл жұлдыз» ауылдық «Бейшен» мешітінде мешіт имамы Акбар Оразбаевтың ұйымдастыруымен жамағаттың қолдауымен дастархан жайылды. Жиынға арнайы келген аудан имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мешіт имамы мен жамағатқа алғысын білдіріп, көпшілікке уағыз айтты.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Аллаға деген махаббаттан кейін хазірет Пайғамбарымызды: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүю - парызымыз, өйткені ол адамзатты күпірліктен қорғаштап, иманның бақыт сыр-ларын әрбір жүрекке жеткізе білді. Адамзатқа жоғары ахлақ пен кәміл адамның қасиеттерін сіңірді. Алла Тағала Мұхаммед Мұстафаны (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық нәрседен де артық жақсы көру қажеттігін бұйырып аятта былай деген: «Егер әкелерің, балаларың, аға-інілерің, әйелдерің, туыстарың, жиған мал-мүліктерің, тоқтап қала ма деп қорыққан саудаларың, өздеріңе ұнаған үй-жайларың сендерге Алла мен пайғамбарынан, Оның жолында соғысудан артық көрінсе, онда сендер Раббының әмірі келгенше күтіңдер. Алла бұзық қауымды тура жолға бастамайды» Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  бір хадисінде «Мені аналарыңнан, әкелеріңнен, бала-шағаларыңнан артық жақсы көрмейінше, кәміл иманға қол жеткізе алмайсыңдар», - деп, пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру жайында атап айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: