АҚТӨБЕДЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

АҚТӨБЕДЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе қаласында «Қазақ руханиятындағы дәстүрлі Исламның орны» республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, арнайы бейнеролик көрсетілді. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, басқа да ғалымдар қатысты.

Жиында дін мен дәстүр сабақтастығы, Ислам мен зайырлы мемлекет ұғымы, деструктивті діни ағымдардың қоғамға теріс әсері, діни оңалту саласындағы тиімді әдістер, діни мамандар дайындаудың маңызы секілді мәселелер бойынша баяндама жасалды. Жиынды ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет жүргізді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: