МҮФТИЯТ ҰЖЫМЫ «МІРЖАҚЫП. ОЯН ҚАЗАҚ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

МҮФТИЯТ ҰЖЫМЫ «МІРЖАҚЫП. ОЯН ҚАЗАҚ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы, елордалық имамдар мен медресе шәкірттері «Міржақып. Оян қазақ» фильмін тамашалады.

Ұлтымыздың біртуар ұлы, Алаш зиялысы Міржақып Дулатұлының өмірі суреттелген көркем фильм бірер апта бұрын кинотеатрлардан көрсетіле бастаған болатын.

«Отандық әрі тарихи фильмді қолдау мақсатында ұжымымызбен кинотеатрға келіп отырмыз. Көркем туындыдан рухани әсер алып, ата-бабамыздың, Алаш қайраткерлерінің қиын-қыстау кезеңдегі өмірін көз алдымыздан өткіздік. Ел егемендігі жолында басын бәйгеге тігіп, қазақ жастарын білімге шақырған Міржақып, Ахмет сынды зиялыларымыздың өмірі мен еңбек жолы баршамызға үлгі. Алла Тағала ұлтымыздың жарқын болашағы жолында құрбан болған арыстарымызды рақымына бөлесін. Тарихи көркем фильмдеріміз көп болып, ұрпағымызға рухани пайдалы туындылар көбейе берсін» деді Бас мүфти.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: