Қордай ауданы, Кенен ауылы «Кенен» мешітінің молдасының ұйымдастыруымен арнайы қарттар үшін ақ дастархан жайылып, «Халықаралық қарттар күні» аталып өтті. Осы жиын барысында ауыл молдасы қарттарымызға өзінің ыстық лебізді құттықтау сөздерін арнап, ақ жаулақты әжелеріміз бен ақ сақалды қарияларымызға сый-құрмет көрсетті.
Қарттар - біздің біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті – ата-бабамыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету бұрыннан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел – қазыналы ел. Сондықтан, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына – сүйеу, жұртына қамқор болып, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, аман-сау күн кешкей. Ал біз қолымыздағы алтындай асылдарымыздың қадірін біліп, ол кісілерге барынша құрмет көрсетейік.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі