Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Сеңкібай ауылына қарасты «Жұмаділ ата» мешітін зерделеді.
Зерделеу барысында мешіттің тазалығы, діни кітаптардың дұрыс болуы, бейне бақылау камераларының жұмыс істеуі және ауыл имамының бес уақыт намазда болу т.б. мәселелер қаралды. Аудан имамы Қанат Әділханұлы Ахметов Қобыланды имамға бірқатар тапсырмалар берді.