#БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

#БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауыл имам-молдаларының білім деңгейін көтеріп отыру ҚМДБ-ның басты талаптарының бірі әрі бірегейі болып табылады. Имамдарымыздың сауатты болуы заман талабы екені айқын. Сауатты имам қоғамға өз үлесін қосып, кейінгі буынға дұрыс насихат айту мақсатында Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» атты семинар тренингі өтті.

Семинарға бес аймақ басшыларымен аудандық мешіт ұжым және ауыл имамдары қатысты.

Қанат Әділханұлы баяндамасында: «Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараларды атқару міндеті тұр.Расында, біз елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Біз үшін қоғамның тұрақтылығы мен рухани бірлігі маңызды. Осы мақсатта дін қызметкерлері мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, берекелі, ізгі қоғам орнатуға ықпал етіп келеді», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: