Күндердің күнінде алыс жақтан бір жолаушы Пайғамбарымызға (ﷺ) сауалдар қою үшін арнайы келген екен. Әлгі жолаушының қойған сауалдары мен оған берілген сырлы жауаптары келесідей:
1. Менің маңдайыма бәле-жаланың жазылғанын қаламаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): ата-анаңа жақсы қара.
2. Өзгелердің мені білгіш адам ретінде танығандарын қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): үнемі тақуалық таныт.
3. Қалай Алланың сүйген құлы болуға болады?
Пайғамбарымыз (ﷺ): таңертең және кешке Құран оқы.
4. Жүрегімнің нұрланғанын қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): үнемі өлімді есіңнен шығарма.
5. Алланың рақымына бөленіп жүруді қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): өзге жаратылғандарға жақсы қара.
6. Менің дұшпаным маған ешқашан зиян келтірмегенін қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): тек Аллаға ғана сенім арт.
7. Мені ешқашан қорлай алмас үшін не істеу керек?
Пайғамбарымыз (ﷺ): өз амалдарыңа сақ бол.
8. Ұзақ өмір сүргім келеді.
Пайғамбарымыз (ﷺ): туған-туыстарыңмен жақсы қарым-қатынаста бол.
9. Ризықты қалай арттыруға болады?
Пайғамбарымыз (ﷺ): үнемі дәретпен жүр.
10. Қабір азабынан қалай құтылуға болады?
Пайғамбарымыз (ﷺ): таза киіммен жүр.
11. Тозақтан қалай құтылуға болады?
Пайғамбарымыз (ﷺ): тілің мен көзіңе ие бол.
12. Күнәларымның кешірілігенін қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): бойұсынған түрде Алла Тағаладан кешірім сұра.
13. Адамдардың мені сыйлағанын қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): ешқашан адамдарға деген көмегіңді аяма.
14. Мені құрметтегенін қалаймын.
Пайғамбарымыз (ﷺ): ешқашан ешбір жанды жәбірлеме де қысым көрсетпе.
15. Қабір азабынан қалай құтыламын?
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Мүлік» сүресін оқы.
16. Әл-ауқатымды қалай жақсартуыма болады?
Пайғамбарымыз (ﷺ): Әр түні жатар алдында «Уақиа» сүресін оқы.
17. Қиямет күні қауіпсіздік пен тыныштықта қалай боламын?
Пайғамбарымыз (ﷺ): Алланы таң атқаннан кеш батқанша есіңе алып жүр.
18. Намаз кезінде қалай мұқият әрі жинақы болуға болады?
Пайғамбарымыз (ﷺ): мұқият түрде дәрет ал.