Пайғамбарымыз (ﷺ) ең жиіркенішті деп айтқан амалдар

Пайғамбарымыз (ﷺ) ең жиіркенішті деп айтқан амалдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл дүниеде бәрі біркелкі, тек ақиқатты Бір Алла Тағала ғана білді. Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерінде «Ең жақсы амал не?» деген сұраққа ол кейде: «Аллаға және Оның Пайғамбарына деген сенім», - деп жауап берсе, ал кейде: «Уақытында оқылған намаз», - деп жауап берген, яғни, одан сұраушының жағдайына қатысты ең жақсы деген амалдарды айтып отырған.

Жаман, жиіркенішті амалдарға келер болсақ, ең ауыр күнәлардың ішінде «шірк, сиқыр, адамды өлтіру, өсімқорлық, жетімдердің мүлігін ысырап ету, әскери қызметтен қашушылық, тақуа әйелді жазықсыз кінәлау» бар, ал басқа риуаяттарда бұл күнәлардың қатарына «ата-ананы тыңдамау, өз міндетін орындамау және өтірік» те жатқызылған.

Айналып келгенде, бәрі де адамның қандай үлкен күнәға бейім екеніне әрі оның неден қауіптенуі керектігіне байланысты. Әлбетте, шірк үлкен күнәлардың бірі болып табылады, егер адам осы күнәсі үшін тәубесіне келмей өлсе, оны Алла кешірмейді. Алайда адам сиқыр жасауға үйір болса, онда ол үшін бұл ауыр күнә, сондықтан адам бұл күнәдан қауіптеніп, бойын аулақ салуы қажет.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: