Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырхановтың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын "Ақыртөбе" мешітінің имамы Батырдан эстафетаны қабылдап, басқа ауыл имамдарына жолдады. Бұл қайырымдылық акциясына демеуші ретінде дәулетті жандар тартылды. Акцияда 10 мектеп оқушысына мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.
Алла Тағала осы игі амалдың жүзеге асуына атсалысқан барша жандардың өміріне береке беріп, сөмкелерге ие болған балалар қалай қуанса, бұл жандарды да Алла екі дүниеде солай қуандырғай! Әмин!
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі