#Жуалы ауданына 95 жыл

#Жуалы ауданына 95 жыл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы өңірі Қошқарата ауылдық округінде Жуалы ауданының 95 жылдығына арналған «Жуалым құт – мекенім!» атты фестиваль өтті.

Фестиваль аясында игі істер жасалынып, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.  Қызтоған аулында қоныстандыру мақсатында көпбалалы отбасыға үй беріліп, «Асар» жобасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жаңадан қоныстанған отбасыға кәсіпкерлер мен шаруалар 10 қой, 3 бас сиыр тарту еткен. Ауданнан барған құрметті азаматтар ақ тілегін жаудырып, батасын беріп, лентасын қиып, шашу шашты. Ауыл молдасы жас отбасының қуаныштарына арнап, сыйға кілем берді.

Сондай-ақ, осы ауылдың тумаларының дәстүрге айналдырған жақсы істерінде тілге тиек етейік. Ауыл азаматтары әр ай сайын 2000 теңгеден қорға жинақтап отырады. Жиналған қаржыны қайырымдылық шараларға, көмекке жұмсайды екен. Мәселен, ауыл мешітіне ауызсу жүйесін жүргізіп берді.

Кезекті қайырымдылық шарасын шаруа қожалық иесі М.Әбдікерім, кәсіпкер Л.Нүрпейісова жалғастырған. Аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға арнап, бірі – 9 бас мал берсе, екіншісі – 9 қорап азық-түлікпен қамтылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: