Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан мешітке жиналған жамағатқа Құран Кәрімнің «Әнғам» сүресінің 2 аятын оқып, тәпсірлеп берді.
Аятта: «Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме?», - делінген. («Әнғам» сүресі 2 аят)
Уағыз соңынан қамат айтылып, бесін намазы жамағатпен оқылып, артынша елімізге, жерімізге дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі