#Меркі ауданы: Аттестация алды дайындық пысықталды

#Меркі ауданы: Аттестация алды дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасымен Меркі ауданының орталық «Меркі ата» мешітінде Меркі ауданына қарасты имамдар аттестация алды дайындықтарын пысықтады.

Аттестация алды емтиханға аудан мешіттерінде қызмет ететін 30-ға жуық имам қатысты.

Жиында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы сөз сөйлеп бұл бастаманың тиімді жақтарын айтып, аттестация алды емтиханнан өтуші діни қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Аталмыш аттестацияны Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат бағалады.

Аттестация алды емтихан компьютер құрылғысымен тапсырылатын тест сұрақтарынан тапсырылды. Сұрақтар бес бағыт бойынша ақида, фиқһ, Ислам тарихы, ҚР заңы және Діни бірлестіктер туралы заңы тақырыптарынан әзірленген.

Дайындықтың басты мақсаты, имамдарымыздың компьютер құрылғысын меңгеріп, алдағы келе жатқан аттестацияда, асығыстыққа салынбай, сүрінбей өту.

Аттестация алды емтихан нәтижесі бойынша аудан имамдары өздерінің дайындықпен келгендіктерін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: