Меркі ауданы, Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің имамы Алимбеков Дарханның ұйытқы болуымен мешіт жанынан асхана салынып жатыр.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы "Ғаббас" мешітінің жанынан салынып жатқан асхананың құрылысын бақылап қайтты.
Бұл асхана құрылысына ауылдың тұрғындары ауызбіршіліктерін көрсетіп демеушілік қылып отыр. Қазіргі уақытта құрылыстың көп бөлігі аяқталған. Атап айтсақ, қабырғалары көтеріліп, сәндік қаптамамен қапталып, шатыры жабылған. Ендігі кезек ішкі әрлеу жұмыстарында.
Бұл асхана 250 адам еркін сыйып отыратын кең қылып салынуда. Бұл құрылыс ауылда діннің дамуына, халықтың пайдасына өз үлесін қосады деп сенеміз.
Демеушілік жасап жатқан ауыл тұрғындарына және кәсіпкер бауырларымызға және асхана құрылысын жүргізіп жатқан бауырларымызға Алла разы болғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі