Бір ай бұрын Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті жанынан ашылған "Құран қарилары" курсын тәмәмдап, қос бірдей шәкірт қари атанған болатын. Бұл жайлы өткен жазбаларымызда жариялаған болатынбыз.
Бүгін аталған жас қарилар Оспан Сейтқали және Азат Бухаралиевке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев дәстүрлі түрде ұмра жолдамасын табыстады. Ұлы сапар рухани азық, қабыл болар қажылық болсын деп, ақ жол тіледі.
Сонымен қатар кездесуге тамыз айында Құранды толық жаттап біткен Жансерік Амангелді мен Рамазан Абдіқадір да қатысты. Бас имам жастарға Құран жаттаудың және оны сақтаудың маңызын насихаттап, ұмраға арналған келесі жолдама осы жастарға нәсіп болатынын айтып сүйіншіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі