Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлы Талас ауданындағы мешіттерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, бас имам Кеңес ауылдық округі, Көшек батыр ауылына имам тағайындау мәселесіне арнайы ат басын бұрған болатын. Ауыл тұрғындарының арасынан ықыласы бар жастарды осынау ұлы қызметке тарту бойынша өз ұсынысын білдіріп қайтты.
Жолай басқа да ауылдардың діни ахуалымен танысып шыққан ауданның бас имамы алдағы уақытта кадр қою мәселесінің бір арнаға түсетіндігін ашып айтты.