#Шу: ДІНДЕ ЭКСТРЕМИЗМ ЖОҚ

#Шу: ДІНДЕ ЭКСТРЕМИЗМ ЖОҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Бірлік ауылдық кітапханасында ауыл жастарымен діни кездесу жасалды. Шарада "Бірлік" мешітінің имамы Медет Жұматаев "Жастар мен салафизм және экстремизм" турасында уағыз айтты.

"Тарихта дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кетуші ағымдар аз болмаған. Олардың көпшілігі уақыт көшіне ере алмай жойылып кеткенімен, идеологиялық сарқыншақтары осы күнге дейін сақталып қалды. Оның дәлелі – теріс пиғылды ағымдар дәстүрлі Ислам доктринасына, ұлттық ауызбіршілігімізге сұрқиялықпен сына қаққысы келіп, қоғамда бүлік тудыруда. Атап айтқанда, Қазақстан аумағында сот арқылы тыйым салынған 23 лаңкестік және экстремистік ұйымдардың ішіндегі «Такфиризм» тобының "төркіні" болып табылатын салафилік-уаһабилік ағым қазіргі қоғамға аса қауіпті" - деп атап өтті имам. 

Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, дәлелді жауаптар алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: