Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Ас беру мәдениеті" құжаты аясында дін қызметкерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тараз қаласының имамдарына "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Есет Тұрдыбайұлы атаған құжатты таныстырып өтті.
Ас беру іс-шараларына сақталу керек тәртіп-талаптар тілге тиек етіліп, дін мамандарының пікірі тыңдалды. Құжатта көрсетілген пунктілерге тоқталып, имамдарға нақты тапсырмалар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА"
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



11 Август 2026
26 Сафар 1448

