Мойынқұм аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі әрі өңірдің бас имамы Р.Еспенбетов Қызылтал ауылдық округі Көкжелек ауылының Бурыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің мамандарымен кездесті.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жас ұрпақты асыл днімізді түрлі жаман әдеттерден қорғап, дініміз туралы көбірек мәлімет беру, қоғамды тәрбиелеуде хақ дініміздің дұрыстығын дәріптеу, тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білу мақсатында іс-шара ұйымдастырылған болатын.
Имам "Жат ағымдардың зияны" тақырыбында сөз қозғап, көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.