Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің жанында ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойыны «көкпар» ойыны өткізілді. Аталған шараға аудандық мешіттің жамағаты да қатысқан болатын.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Келешек ұрпаққа ұмыт болып қалмауы үшін жасалып отырған игі істі ауыл белсенділері де қолдады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі