#Жамбыл: Шәкірттерге намаз оқу үйретілді

#Жамбыл: Шәкірттерге намаз оқу үйретілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде ауыл имамы Керимов Айтжан жас балаларға арнап намаз оқу тәртібін үйретті.

«Жәннәттің кілті – намаз, намаздың кілті – дәрет» демекші, мешіт имамы жеткіншектерге дұрыс дәрет алу реттілігімен таныстырып, үйретті. Намаз оқуды үйреткен имамға ауыл балалары өз алғыстарын білдірді. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі.

Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет. 

Жамбыл адандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: