Меркі ауданына арнайы іс-сапармен келген облыс әкімі аппаратының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлы "Ізгі қоғам" бағытының жоспары аясында ауданға қарасты мешіт қызметкерлерімен жүздесті.
Мәди Мейірбекұлы жиын барысында қоғамдағы мейірімділік иірімдері турасында әңгіме өрбітіп, ізгілікті насихаттауда дін қызметкерлеріне жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Қоғамды ізгілендіру жолында әртүрлі азаматтық институттармен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Сонымен қатар, дін мен дәстүрді үйлестіріп, отбасылық іс-шараларды өткізуде ысырапшылыққа жол бермеу жағын насиахаттау және ұрпақ тәрбиесін ұлттық құндылықтармен үйлестіру жайында да ой бөлісті.
Имам-молдалар жұмыс барысындағы кедергілерді айтып, мемлекет тарапынан қолдау болмаса мәселе шешілмейтінін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Алла Тағала елімізге, жерімізге амандық, жүректерімізге имандылық берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі