Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулланың бастамасымен «берекелі жұма» қайырымдылық науқаны өткізілді.
Аталған қайырымдылық шарада азық-түлік ретінде әл-ауқаты төмен ауылдық отбасыларға үлестірілді. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және халыққа жақын, жәһаннамнан алыс, Сараң – Алладан, жәннаттан және ел-жұрттан алыс, жәһаннамға жақын» деген болатын.
Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуы керек. Адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау – қайырымдылықтың көрінісі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі