#Байзақ: ӘДЕП КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

#Байзақ: ӘДЕП КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде ауыл имам-молдаларының әдеп кеңесіне байланысты жиналыс өтті. Жиналысқа аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, мешіт ұжымы және ауыл имам-молдалары қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Расында бүгінгі имамдарға артылған жүк жеңіл емес. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Әдеп кеңесі еліміздегі дін қызметкерлеріне жоғары жауапкершілікті жүктейді. Соның бірі – бұқара халық алдында сөйлеу мәдениеті. Шешендік өнер – халықпен тығыз жұмыс істейтін барлық саланың мамандарына аса қажет қабілеттің бірі. Соның ішінде күнделікті жұмысы уағыз-насихатпен тығыз байланысты имамдарға қажет өнер екені белгілі.

Халқымызда: «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген» деген нақыл сөз бар. Шешендік өнерді меңгерген адам халықты жақсылыққа жұмылдырып, ынтымаққа ұйыстыра алады. Ел арасында ағайын-туысты жинап, құдайы ас беруге ниеттенген азаматтар: «Маған жақсы уағыз айта алатын әрі Құранды жақсы оқитын имам тауып беріңізші» деген өтініш-тілектерін жиі білдіреді. Біз осы жағдайдың өзінен кәсіби мамандарға деген сұраныстың күн санап артып келе жатқанын анық аңғарамыз. Қай кезеңде, қай салада болсын өз ісін асқан жауапкершілікпен орындайтын, өз мамандығын кәсіби тұрғыда меңгерген кадрларға деген сұраныс артып отыратыны белгілі», - деп әдеп кеңесінің құрылатынын айтып, кеңестің басты мақсаттарын атап өтті.

Аудан бас имамының ұсынысымен әдеп кеңесінің төрағасы болып «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мұхит Ермаханұлы, кеңестің мүшелері болып «Аққия» мешітінің молдасы Қадірбек Әбенұлы, «Сухамбай» мешітінің молдасы Скендиров Бакубек, «Ақыл ата» мешітінің молдасы Ахмет Жетпісбайұлы, «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы, «Базарбай» мешітінің молдасы Ербол Қасқырұлы және «Аймантөбе» мешітінің молдасы Кенжехан Өксіпбайұлы бекітілді. Жиналыс соңында ҚМДБ-дан келген бірқатар тапсырмалар ауыл имам-молдаларына жүктелді.

        

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: