Шу ауданы "Рақыш ата" мешітінің имамы медециналық амбулатория қызметкерлерімен дидарласты. Имам "Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында насихат жұмыстарын жүргізді.
"Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салады. Қазір жер бетінде 2 миллиардқа жуық мұсылман бар. Бұлардың бәрі де өздерін «Мұхаммед пайғамбардың үмметіміз» деп түсінеді. Мұхаммед пайғамбардың өсиеті мен аманатын «Ислам өркениеті», «Ислам мәдениеті» деген ұғымдармен тығыз қарастырады" - деп атап өтті имам өз сөзінде.
Көпшілік өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алып тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі