Аудандық орталық «Қордай» мешітінің ұстазы, әйел-қыздар секторы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында қыз сыны өтті.
Сайыста бақ сынасқан қыздар өз өнерлерін ортаға салып: таныстыру, қонақ күту, ас әзірлеу, ата-анаға қоңырау соғу, сән үлгісін көрсету және аялы анасының , ұстазының, әжесінің алақанын табу бойынша жарысты.
Сайыс нәтижесі бойынша : 1-орынды Сағын Робия. 2-орын Үсенбаева Умида. 3-орын Джумабаева Сабира иеленді. Қатысушыларға сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі