Әйел-қыздар секторы Эльмира Аманқожақызы мен әжелер алқасы мүшелерінің ұйымдастыруымен "Әйел және отбасы" атты дөңгелек үстел болып өтті. Жиында қыз бен әйелдің исламдағы орны және отбасы құндылықтарының қоғамдағы рөлі қозғалды.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасындағы қарым-қатынасы, әйелдерге және қыздарына жасаған мәмілесі айтылып, өнеге алынды. Жастарға отбасындағы ер мен әйелдің рөлі мен сыйластық, адамдар арасындағы көркем мәміле қажеттілігі түсіндірілді.
Аудандық орталық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі