МЕШІТ САЛУДЫҢ ӘДЕБІ

МЕШІТ САЛУДЫҢ ӘДЕБІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Мешіт қазақ халқының құт қанасы. Бұлай айтуымыздында себебі бар. Қазір екінің бірі мешіт салып береді да оған қарайласуға келгенде тарқыншақтайды. Бұл мешіт халыққа жылулық сыйлайтын мұқтаждығын сұрайтын, тек Алла тағалаға құлшылық жасап мұқтаждығын халық Раббысынан сұрайтын орын.

         Мешіт салудың кейбір кездері әдебі сақталмайтың жайттарға көзіміз түсіп жататыны рас. Мәселен мешіт құбыласының дұрыс болмауы немесе мешіт күмбезіне жазылатын аяттардың харекеттерінен қате шығып жататыны айтпаса белгілі.

         Мешіттің әсем болуы ою-өрнекпен көмкерілуі және мұнарасының биік болып азан дауысы ауыл сыртына дейін естілуі, мешіт іші бес уақыт намазда жамағатқа толы болуы мешіттің іші сыртын әдемі көрініске бейнелейді.

 Бұқар жырау өлен жолдарында:

Хақтың үйі Мешітте,

Аққа Құдай кешімді.

Арамзаның қулығы

Таппайды еш кесімді.

Алла жақтаған зар болмас,

Хақтың жолы тар болмас

Тар пейілді кеңімес,

Кең пейілді кемімес.

Илаһим Халел жасаған

Тәңірім үйі Кебені, – деп айтқан сөздерінде үлкен тәрбиесі зор мағына жатқандығын көреміз.

         Мешіт қаңдай болу керек? - дегенде, мешіт ең бастысы халыққа жайлы, төрт күмбезі түгел және дәретханасының жамағатқа қолайлы болғандығы.

         Мешітті салған кезде бұл Алланың маған бұйырған сыйы деп, ең қымбат тауарлардан алып беруіміз және осы істеліп жатқан ізгі амалымыздың аһыретте үлкен сауап екенің ескеріп, бар күш жігерімізді осы жерге арнау болып табылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім мешіттің бір кірпішін қаласа Алла Тағала қиямет күні оған бір сарай соғады»,- деген.

 Алла Тағала әр бір ісімізге жеңілдік берсін!

Арман Ерболұлы 

«Байзақ баба» мешітінің іс басқарушысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: