ДҰҒАНЫ ДҰРЫС ТІЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

ДҰҒАНЫ ДҰРЫС ТІЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз мұқтаж болған әрбір қажеттіліктерімізді қол жайып, бір Алладан ғана сұраймыз. Дұға жасау барысында сөзімізге мұқият қарап, артық сөзден аулақ болғанымыз дұрыс.

 Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): "Алла Тағаланың алдында дұғадан құрметті нәрсе жоқ" десе және бір хадисте: "Дұға мұсылманның қаруы, діннің тірегі және аспан мен жердің нұры" - деген.

Пайғамбарымыз (с.а.у) тағы былай дейді:

"Сендерден ешкім: "Я, Алла! Қаласаң кешір мені. Я, Алла! қаласаң жарылқа мені" - деп айтушы болмасын. Керісінше, тілекте табандылық білдірсін. Өйткені Алла Тағалаға ешкім нұсқаушы бола алмайды. (Әбу Һурайра)

Кімде-кім Алла Тағаладан тілейтін болса, тілегенде табанды болып: "Я, Алла! қаласаң сұрағанымды бер"- деп тілеуші болмасын. Өйткені Алла Тағалаға ешкім нұсқаушы бола алмайды". (Имам Мүслим)

Хадистерден оқып білгеніміз Құдайдан қол жайып қажетімізді сұраған сәтімізде толық мұқтаждықта тұрғанымыз жақсырақ, себебі осы өмірде де кісі алдында қажетімізді сұрап барғанымызда қаласаң бер, қаласаң берме деп айта алмайтындығымыз анық. Не болса да сұрап барған қажетімізді алып қайтқанымызша мұқтаждық кейпінде тұрамыз. Ал әлемдердің раббысы Алланың алдында  дұға сұрау сәтінде селқоздық танытуға әсте болмайды.

 Рысбай АСЫЛБЕКҰЛЫ

Мойынқұм ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: