#Жамбыл: Мешіт әдебі турасында уағыз айтылды

#Жамбыл: Мешіт әдебі турасында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы  «Нұртай ата» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Естеков Сабит мешіт әдебі турасында уағыз айтты. Мешіт – Алла Тағалаға құлшылық жасалатын, мұсылманның жүрегінен ерекше орын алатын қасиетті мекен.

«Мешіт» сөзі араб тілінде «мәсжидун» – сәждеге бас қоятын орын деген мағынаны білдіреді. Себебі біз намаз оқығанда маңдайымызды сәждеге қойып, Алла Тағалаға бас иеміз. Мұсылман адамның мешіттерді сыйлап, құрметтеуі оның Алла Тағалаға деген құрметін білдіреді. Осыны ескерген әрбір мұсылман мешітті бар ынтасымен жақсы көріп, құрметтеп, ол жерге барғанда мешіт әдебін сақтауы қажет.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: